Ертегімен тәрбиелеу

Ертегі терапиясының психотерапиялық туралы бұрыннан ьелгілі. Бұрынғы замандардан бері ата-аналары ертегі арқылы балаларына жақсылықты үйреткен, батылдықты және мейірімділікті мадақтап, кемістіктерді айтқан. Ертегі балаларға рухани байланыс алуға және үлкендерге жақын болуға, тілдің ерекшеліктерін сезініп, оқиғаларды елестетіп, қайғы мен қуанышты бастан кешіруге мүмкіндік берген. Ертегі баланың қиялын жетілдіреді. Өзін ертегі кейіпкері ретінде сезініп, бала рухани жағынан қайта өмірге келеді, адамгершілік негіздерін қалайды, өнерпаздық бастамасын алады.

Балаға ұйықтар алдында ертегі айтуды мультфильм қараумен немесе гаджетпен ойнаумен алмастыра отырып, ата-аналар баланың ішкі дүниесінің, оның эмоциялары мен мезімдерінің жетілуін жіберіп алады. Бірақ ертегілерді дұрыс таңдып оларды шебер қолдану ғана адамгершілік, психологиялық және, тіпті, емдік әсер көрсетуі мүмкін. Ертегіні қабылдау жасқа байланысты:

-3-4 жастағы балалар үшін кішкентай адамдар, жануарлар немесе ойыншықтар туралы ертегілер қызықты
-5-6 жастағы балалар қиял-ғажайып ертегілерді сүйсіне тыңдайды, өздерін пері, ханзада және сері ретінде елестетеді

Ертегі қалайша тәрбиелеуші және емдік болуы мүмкін?

Баланы ертегіге қарапайым актерлік шеберлікті қолдану арқылы еліктіруге болады: дауыс екпінін және тембрін, бет қимылын өзгерту. Эмоцияларды дәл жекізуге тырысу қажет: қуаныш, ыза және шаттық. Дауыспен кейіпкердің ішкі мінездемесін жеткізуге болады.
Үш жасқа дейін балаларға қайталануы, санап шығуы бар ертегілер ұнайды («Бауырсақ домалап келеді, домалап келеді»). Бұл олардың бойындағы тұрақтылық сезімін тәрбиелейді. Ертегі соңының жақсы бітуі өте маңызды. Бірақ балаға дайын сипаттамаларды және кейіпкерлер мен оқиғалар туралы пайымдамаларды бермеу керек. Қиялданумен рақаттануға мүмкіндік беріңіз.

Тіпті жай айтып берілген ертегінің өзі балаға көптеген оң эмоциялар әкеледі. Ол өзінің маңыздылығы мен мәнділігін түсінеді, себебі ертегі арнайы ол үшін айтылады. Біртіндеп баламен кейіпкерлерді, олардың әрекеттерін, оқиғаларды талқылауға болады. Осымен сіз балаға өзінің пайымдап, бағалап және ойлана алатынын көрсетесіз. Осылайша сіз кішкентей тұлғаның қалыптасуын көмектесесіз.

Үлкенірек жаста баланың өзіне ертегінің соңын құрастыруды, оның желісін немесе жалғасын өзгертуді ұсынуыңызға болады. Зейінді ата-аналар, тыңдап және бақылай отырып, баланы ненің алаңдататынын, айналасындағылармен қандай қарым-қатынаста екенін, оның мәселелері мен қорқыныштарын түсінуі мүмкін. Ертегіні өз үлгіңізге ауыстыра отырып, балаға жағдайдан шығудың дұрыс жолын көрсетіп, мәселені шешуге көмектесуіңізге болады.

Ертегінің суретін салу немесе ермексаздан жасау бекітудің жақсы әсерін қалдырады. Баланың ашық немесе күңгірт түстерді қолдануы ата-анасына оның психологиялық жағдайын айтып береді. Үлкен жастағы балалар үшін ертегіні сахналауға немесе қуыршақтардың көмегімен көретуге болады. Осылайша, ертегі балалар мен ата-аналардың рухани бірігуіндегі басты көмекші болып табылады, жақсы қасиеттерді жетілдіреді және балалар проблемасынан құтылуға көмектеседі.

Leave a Reply