Бір жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу

Сәби кезеңінде ата-аналар тамақтандыру тәртібін сақтауға және толық күтуге басты назар аударады, бірақ бала тәрбиесі жөнінде де ұмытуға болмайды. Дәл осы бір жасқа дейін түйсіксіз деңгейде сәбидің негізгі әдеттері орнайды, оның бейімділігі мен тұлғалық ерекшеліктері қалыптасады. Баланың бұдан әрі дамуы көбіне оның бір жасқа дейінгі тәрбиесіне байланысты болады. Шартты бұл кезеңде әдетте 4 түрді ерекшелейді, оның әрқайсысы үш айды қамтиды.

Бірінші кезең: туғаннан бастап 3 айға дейін

Бұл кезеңде ата-аналар сәбидегі жақсы әдеттерді қалыптастыруға және зияндыларының пайда болуын ескертуге, қарым-қатынас негіздерін орнатуға, сезінуді қабылдауды дамытуға тиіс. Алғашқы үш айда сәбиде мына әдеттер жасалып шығарылуы тиіс:

-көшеде емізіксіз ұйықтау
-басын ұстап тұру
-өзін дербес алдандырып, біраз уақытын төсекте өткізу
-жаялықшаны ауыстыру қажет болғанда көңіл толмаушылық белгілерін беру
-тербетусіз ұйықтап қалу
-саусақтарын сормау

Әрбір таң ананың жайдары күлімсіреуі мен гигиеналық процедуралар жасаудан басталады. Олар беті мен қолдарын жууды, жаялықшаны ауыстыруды және жуып-шаюды білдіреді. Күнделікті процедуралар сәбидің тазалыққа пайдалы әдеттенуін қалыптастыратын болады.

Сәбидің басын ұстап тұру әдетін қалыптастыру үшін, оны тіпті ол наразылық білдірсе де, екпетінен жатқызу керек. Бұл процедура біртіндеп оның әдеттенуіне жатады, мойын мен арқа бұлшықеті аздап жаттығады. Күн өткен сайын ол екпетінен жатып көбірек уақыт өткізетін және қоршаған әлемді басқа жағынан тамашалайтын болады.

Бала ау-ау деп бастау үшін, онымен сөйлесу, созып «ау-ау» деу қажет. Өлеңдер мен алдандыруларды жиірек айту, тыңдау үшін музыка қосу қажет. Сәбиге әрбір қимыл туралы күлімсіреп айтып беру қажет (жаялықты ауыстыру, қайт киіндіру, емізу). Осылайша қарым-қатынас жасау мәдениетінің орнатылады.

Екінші кезең: 3-6 айлар

Бұл уақытта белсенді сезіну, тыңдау мен көруді қабылдау және дамыту орындалады. Екінші кезеңге сәбиді болашақ сөйлеуге дайындау енгізіледі. Бұл үшін оған әртүрлі жанрлар музыкасын қосып қою керек, оның жеңіл және әуенді болуы басты нәрсе. Классика, балалар өлеңдері, қазіргі эстрада, халық әуендері – барлығы жарамды болады. Сәбидің уілдеу, былдырлау, шиқылдауы үшін, оның назарын өзге де дыбыстарға аудару керек. Баланы оның көңілін жапырақтардың сыбдырына, торғайлардың шырылдауына, сорғалап ағатын судың шуына аудар а отырып, айналадағы әлеммен таныстыру қажет – танып білу дегеніміз осыны білдіреді (мысалға: міне жаңбыр терезе тақтайын қағады, міне құстар шырылдайды, ал мынау трактор дарылдайды және б.).

Үшінші кезең: 6-9 айлар

Бұл кезеңде томпиған бала жеңілтек және білуге құмар болады. Бұл жастағы балаларда белсенділік бірнеше есе артады. Сәбилер енді еңбектеу, отыру, тұруға талпынуды, ал кейбірі жүре білетіндіктен, дене шынықтыруға көңіл бөлудің нағыз уақыты. Барлық балалар бұл уақытта шкафтардың ішіндегілерін зерттеуге талпынады. Сәбиге бөгет жасамаңыз, жай ғана барлық қауіпті заттарды алып тастаңыз және шкафтарды кішкентай ойнай алатын ойыншықтарға және заттарға толтырыңыз.

Шамамен жеті айдан бастап баланы ас ішердің алдында қолдарын жууға үйрету керек. Біраз уақыт өткен соң кішкентай бұл процедураға әдеттенеді, және қолдарын өздігінен су ағынына тосатын болады. Сонымен тазалық ұғымы қалыптасады.

Емізу алдында көкірекше киіп және былғанған киімді бірден тазаға ауыстырып, анасы ұқыптылыққа әдеттенуді дарытады. Бұған қоса, ата-аналар өзінің әрбір қимылын айтуы және түсіндіруі тиіс: кір киімдер киіп жүру ұнамсыз және әдепсіз, сондықтан қазір таза киімді қайта киінеміз.

Бұл кезеңде жаман қылықтарға жол бермеу үшін баланы «жоқ» және «болмайды» сөздерімен таныстыру қажет. Егер бала ойын кезінде төбелесетін болса, оның қолдарын алып және түсіндірумен бірге «болмайды» сөзін айту керек (мен ауырсынамын, маған ұнамайды). Себебін бала тыйым сөздерге құлақ асуды үйренуі үшін түсіндіру қажет, кері жағдайда, ол оны оны елемейтін болады.

Төртінші кезең: 9-12 айлар

Толық тәрбиелеу сәбимен тығыз қатынас жасауды енгізеді. Баламен тұрақты сөйлесіп отыру керек, дегенмен оның сөзін қайталап және баламен бала болып сөйлесу қажет емес. Осылайша сөйлеу кемістігінің дамуын өршітуге болады, оны кейін логопедтің көмегімен түзетуге тура келеді. Сәби бұрмаланған дыбыстар дұрыс болып табылады деп ойламауы тиіс, ол тек таза сөйлеуді естуі керек.

Балаға өз үлгіңізбен және түсіндіру әдісіңізбен жақын адамдарға, жануарларға және қоршаған әлемге мейірімді қарауды дарытыңыз. Қайырымды қылықты мақтаңыз және көтермелеңіз, теріс әрекеттерге жол бермеңіз. Отбасында тілектестік ахуалын жасау қажет, өйткені сіздің қарым-қатынас жасау стиліңіз бала үшін өнегеге айналады. Егер ойын кезінде бала төбелесіп және итермелей бастаса, «болмайды» сөзін қолданып, күлімсіремей бұл әрекеттердің бетін қайтару керек. Тыйым салу, сәбидің оған көңіл блуі үшін және бұл сөздерге байсалды қарауы үшін қатаң және үзілді-кесілді айтылуы тиіс. Еске салатын жай, бала барлық жағынан өзінің жанындағы ересек адамдардың қылықтарын қайталайды. Кейде дәл осы ата-аналардың қылығы басқа блаларға жөнінде жаман істер жасауға ұрындырады, сондықтан тыйым салудан бұрын өз қылығыңызды қайта қараған дұрыс.

Баланы алғашқыда қолмен өзі тамақ ішуге, бұдан соң күрешке және қасықты пайдалануға баулыңыз. Тоғыз айдан кейін балада өзін бөгде адамдармен және белгісіз заттармен ұстай білу дағдысының негізі қаланады, өзімен уақыттың көп мөлшерін бірге өткізетін адамдармен тығыз байланыс орнатылады. Шамамен 9-11 айларға қарай сәби бөгде адамдарда қорқа бастайды, ол тұрақты көретін адамдарға көбірек үйір болады.

Leave a Reply