Балаларда ерік-жігерді тәрбиелеу

Баланың ерік-жігерін тәрбиелеу ерте балалық шақта өз қозғалыстарын басқару қабілетінен бастау алады. Балада алғашқы ниеті пайда болып, одан кейін сол қозғалыстарды іске асыру қабілеті пайда болады. Бала ниетсіз өз-өзін дамытуға қабілетті болмайды.

Бала ниетті ұялату үшін, оға жарқын әсерлер қажет. Ойыншықтар мен заттар, анасының қолдарының жылуы, дыбыстар мен әуендер және айналадағы суреттер – осының барлығы баланың ниетін оятуға септігін тигізеді. Әсіресе ынталандырмаларға тыныш әрі аз қозғалатын балалар мұқтаж болады.

Алғаш рет ерік-жігердің пайда болғанын тез байқауға болады: бала кеше ғана қозғалыстағы ойыншықтарды бақыласа, бүгін сол ойыншықтарға қарай қолдарымен талпынады. Балалар көрген нәрсесінің барлығын ұстағысы келеді. Балаға өз ниетін одан әрі жетілдіру үшін не істеу керектігін көрсету үшін бірнеше жаттығулар берілген.

Балаңызды ішпен жатқызып, оған алыс емес жерде көзге көрнекті ойыншықты қойыңыз. Балаңыз соған қарай ұмтылсын. Келесі күні балаңыз ойыншыққа қарай тағы да ұмтылып, болашақта еңбектейтіндей етіп, оны шамалы алысырақ қоюға болады. Баланың талпысын жеңілдетуге тырыспаңыз, бірақ қатаң талаптар да қоймаңыз. Дұрыс ерік-жігер дағдыларын қалыптастыру екі жағдайда қиын болады: бала ерке болғанда және оның бүкіл қалауы тез жүзеге асқан кезде, және баланың қалауын ересектер басып отырған кезде. Балада ерік-жігердің дамуы оның ересектермен араласуынан жүзеге асады. Сондықтан бірнеше қағидаларды білген жөн:

-Балаға жеңілден бастап біртіндеп қиынға дейін қағидаты бойынша табысқа жетуі үшін жағдайларды қамтамасыз етіңіз
-Баланың орнына, оның үйренуі тиіс, нәрсені жасамаңыз
-Баланың дербес қызметін ынталандырыңыз, онда қол жеткеннен қуана білу сезімін оятыңыз, қиындықтарды жеңу қабілетіне деген сенімін арттырыңыз
-Балаға кез-келген талаптар мен тыйымдарды толығырақ және түсінікті етіп түсіндіріңіз

Әсіресе, бала анасының жүктілігімен және асқынулармен, қиын босанумен және ерте дамудағы келесідей проблемалармен байланысты «тәуекел тобында» болса, ерік-жігерді тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген жөн:

-Шала туылу
-Миға оттектің жетіспеуі (гипоксия)
-Нәрестелердегі гипо- және гипертонус
-Жұқпалы аурулар
-Гипербелсенділік және т.б.

Қуанышымызға орай, балалардың психикасы бірқалыпты, және теріс құбылыстарды жеңе отырып, ми дамудың орнын толтыруға ұмтылады. Бірақ оған толықтай қалпына келуі үшін, сіздің көмегіңіз қажет.

Өсіп келе жатқан бала жүре бастаған кезде, оған қалауының күшін сезінуге мүмкіндік беріңіз. Балалар әртүрлі биіктіктерге шыққанды, тосқауылдар арқылы түскенді жақсы көреді. Сөйтіп, лар өз денесінің мүмкіншіліктері жайлы біледі, өзінің дербестігіне, ептілігіне сеніп, мақсатқа ұмтыоудың негіздеріне жетеді. Баланың ерік-жігері қалаған нәрсесіне қол жеткізудегі тосқауылды жеңудің кез-келген қадамында қалыптасады. Баланың дене белсенділігін кез-келген жаста ынталандырыңыз – солай ету арылы балаңызда өз денесін, одан кейін қалауын игере алатын қабілетті қалыптастырасыз. Яғни, болашақта табысқа әкелетін ерік-жігер күшін тәрбиелеңіз.

Leave a Reply