Алғашқы 56 күннің маңызы

Адам баласы өзі жалғыз өмір сүруге мүлдем бейімсіз болып дүниеге келеді. Жануарларлардың балаларынан айырмашылығы, адам баласы туылғаннан кейін бірнеше минут өткен соң өз аяғымен тұрып кете алмайды, ал жануарлардың баласы туылғаннан кейін анасының қасында тіпті секіре де алады. Өз бетімен өмір сүруге деген бейімсіздік жаңа туған нәресте ағзасының өмірлік маңызды жүйелерінің – асқазан-ішек жолының, дене температурасы режимінің, бас миының, дене қозғалыстарының жетілмеуінен көрініс табады.
Нәресте өмірінің алғашқы күндерінде жаңа өмірге бейімделуге көмектесетін бастапқы рефлексияларға ғана ие. Іздеу рефлексі емшекті табуға, ему және жұту рефлексі ана емшегін дұрыс қамтып, сүт ішуге, ал ұстау рефлексі анасының қолдарына қатты жармасып алуға көмектеседі.

Өмірдің алғашқы 56 күні

Бұл баланың өміріндегі ең маңызды кезең. Ол ана жүктілігінің бірқалыпты жалғасы ретінде өтеді. Анасы нәрестесін қолында ұстап, оның барлық өмірлік жүйелеріне қалыпты дербес жұмыс істегенге дейін жетілуіне көмектеседі. Сәбиіңізді құшақтау арқылы, сіз оған құрсақ ішіндегі жабықтық пен қорғанысты сезіндіре аласыз. Кеудесіңізге қысу арқылы, үйреншікті жақын әрі жанына жай таптыратын жүрек соғысыңызды естуіне көмектесесіз. Ашық ішіңізге төсеу арқылы, дене жақындығын, дене жылуы мен иісін барынша сезінуіне мүмкіндік бересіз. Сәбиіңізбен нәзік әрі ақырын сөйлесу арқылы, оған құрсағыңызда жатып тыңдаған дауысты естуіне көмектесесіз.
Бала өмірінің алғашқы күндерін жүктіліктің соңғы кезеңі ретінде қабылдай отырып, барлығына – анаға да, отбасына да, айналадағылар болашақ анағакө көңіл бөліп қараған, оны артық толқыныста, ауыр дене жұмысынан қорғаған тоғыз айдағы ахуалды сақтауға тырысу қажет. Тыныш, қамқорлыққа бөленген ана нәрестесінен махаббат сезімін ұялата алады, ал нәресте сол махаббатқа бөленіп, анасын өзін жақсы сезінуімен, одан кейін алғашқы жымиысымен, күлкісімен, жақсы даму көрсеткіштерімен қуантады.

Сүйіспеншілік пен қолдау – маңызды

Бала туғанда бойынды болатын барлық қорғаныс рефлекстері оның нәзіктігін білдіреді. Тым күшті жарық оған көздерін жұмып алуға, тым қатты дыбыс – сескеніп, қолдарын жан-жаққа бұлғақтауға мәжбүр етеді. Ол тым қатты тітіркендіргіштер мен ынталандырмаларға шыдай алуға дайын емес, сондықтан нәрестеге тыным мен тыныштық қажет. Біртіндеп қана – апта артынан апта, ай артынан ай өткен соң – сәби анағұрлым қатты дыбыстар мен жарыққа бой үйрете бастайды. Сондықтан дәл алғашқы 56 күнде анасы сәбиіне қадам басқан сыртқы әлемге бірқалыпты, баяу, асықпай бейімделуіне көмектесуі маңызды болып табылады.

Тыным мен тыныштық

Анаға да осы тыным мен тыныштық өте маңызды. Сәбиіңізге қарай икемделіп, оны тез түсінуді, ең алғашқы белгілерді түсінуді үйренесіз. Мұндай анада көп жағдайда бала өте сирек жылайды.
Алғашқы 56 күнде сәбиді тәулік бойы махаббатқа бөлеген маңызды болмақ. Сәбидің кез-келген жағдай мен көңіл-күйде – кір немесе таза емес жөргекте, бажылдаған не ұйықтамаған күйінде, жылаған не күлген күйінде де – әркез оны жақсы көретінін бастапқы сезіну оған өзіне болашақ сенімділікті қалыптастырады. Өскен бала үшін бұл сезім одан кейін дамып, өмірлік қиындықтарды жеңіу үшін жеткілікті болады. Сөйтіп, махаббат пен ана қамқорлығы нәрестенің бас миының, онсыз қозғалыссыз қалатын, миллиондаған нейрондарын дамытады.

Өмірлік махаббат

Сәби үшін құшақ, сүйіспеншілік, нәзіктік – гүлдер үшін күн мен жаңбыр тәрізді. Бала оларға бөлене отырып, жеңіл, тез әрі бақытты болып өседі. Баласын алғашқы 56 күнде махаббатқа бөлей отырып, анасы оған дене жағынан дамуына көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ дамыған болып өсуіне, өз әлеуеті мен талантын қалыптастыруға және бақытты болуына мүмкіндік береді.

Leave a Reply