Үйдегі қауіпсіздік

Еден

Едендегі кілемдер, алашалар тайғанақ болмау қажет. Бала шырмалып қалмау үшін еденде ешқандай сым жатпау керек.

Қабырғалар

Қабырғаларға қағаз тұсқағаздарын жапсыру қажет, бөлме «тыныс алу» керек, қабырға жабыны аллергияны туғызбау қажет.

Баспалдақтар

Жалтыратылған едендегі баспалдақ алдында орналасқан кілемшелер өте қауіпті. Балаға қараусыз өз бетімен баспалдаққа тырмысуға болмайды. Жоғарғы және төменгі баспалдақ маршында жұмсақ матамен қапталған арнайы «кішкене қақпаны» орнату қажет. Баспалдақ сатыларын жұмсақ және қатпарлы матамен жауып, әрбір сатының негізінде бекіткен дұрыс.

Терезелер

Бала терезені ашып, сыртқа құлап қалмау үшін терезелерде фиксаторлар орнатылу қажет.

Есіктер

Кіреберіс есік аса қауіпті болып саналады, өйткені серіппе оның жабылуын үдетеді. Есіктегі шыны ойықтар баланың «олардың арасынан» өтуге тырыспауы үшін оның көзіне көрінерлік болу қажет. Балаға сынған шынының неге қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Баланы жарақаттап алмау үшін бөлмеаралық есіктерді абайлап ашыңыз. Бала оған кіруге болмайтын бөлмелердің есіктерін ашпау үшін есік құлыптары мен ысырмаларын жоғары орналастырған жөн.

Кілемдер

Синтетикалық кілемдер зиянды. Табиғи кілемдер қажет, өйткені олар жылы, әдемі, жайлы жағдай жасайды және баланың құлауы мен бір жерін ауыртып алуын жұмсартады.

Жарық

Люминисцентті шамдардың күндізгі жарықтандыруын ауыстыру қажет (олардың құрамында сынап бар және олар өте қауіпті). Шамдар қуатты болу керек, бөлмені біркелкі жарықтандыру қажет. Баланың қараңғыдан шошынып кетпеуі үшін керуеттің жанында оның өзі қоса алатындай «білте шам» орналасу қажет.

Жиһаз

Жиһаз баланың оны ұстаған кезде құлап кетпеуі үшін берік және орнықты болу қажет. Не шкаф есігінің, не жылжымалы жәшіктердің бала саусақтарын қысып алмауы үшін шкафтардың есіктерін жапқан дұрыс. Бала қолының қысылып қалуын болдырмау мақсатында үстелдің бүйір жақтарына фиксаторларды орнатқан дұрыс. Бала өскенше үстелден дастарқанды алып тастаған жөн, әйтпесе ол оны тартып, үстелдің үстіндегі барлық заттарды өзіне құлатып алуы мүмкін. Шкаф есіктеріндегі, кітап сөрелеріндегі кез келген шынылар баланың көзіне көріну қажет – әдемі жапсырмалар шыныны безендіріп, баланың есіне салады. Баланың шкафтан немесе диванның астынан шыға алатынына көз жеткізіңіз. Сүйір бұрыштар қауіпті, олардың үстіне доғал қауіпсіздік бұрыштарды бекіткен жөн.

Айналар

Айнаны ашық от жанып тұрған жердің үстіне орнатпаған жөн. Бала айнаға қарағысы келген кезде оның киімі жану мүмкін.
Тоңазытқыш

Егер бала тоңазытқыштың ішіне кіріп, өзінен кейін есікті жауып қойса, сіз оның айқайын тоңазытқыштың оқшаулағыш қабаты есебінен ести алмайсыз.

Leave a Reply