Бақша мен саяжайдағы қауіпсіздік

Балалар бақшада жүгіргенді аса ұнатады. Баланың қауіпсіздігі үшін кестеде көрсетілген сақтық шараларын қолдану қажет.

Құрал-саймандар қорасы, жылыжайлар, көлікжайлар – Тиекпен жабылу қажет

Барлық химиялық және өртенгіш сұйықтықтар, құрал-саймандар – Ең жоғарғы (баланың қолы жетпейтіндей) сөрелерге орналастырған жөн

Кіреберіс қақпалар және есікшелер – Нық жабылуы қажет

Албар – Баланың қолына тікен кіріп кетпеу үшін жақсы боялған болу керек, тесіктері мен тозған жерлері болмау қажет

Жидектер мен өсімдіктер – Қоршау қажет, не болмаса бақшада бала ойнай алатын, оның қандай да бір жидекті жеп қою тәуекелінен сақтайтын «қауіпсіздік бұрышын» құрған дұрыс. Улы өсімдіктерді отау қажет

Су қоймалары (бассейндер, шалшықтар) – Учаскеден бөлген, қоршаған немесе жапқан жөн

Топырақ – Жеткілікті түрде борпылдақ болуы қажет, барлық өткір заттарды алып тастаған жөн. Сүйір бұрыштарға жұмсақ білікшелерді қақтыру керек

Құмсалғыш – Мысықтардың топырақта «дәретхананы» ұйымдастырып алмауы үшін жабу қажет. Балаға топырақты лақтыруға рұқсат етпеу қажет

ЭЖ – Электр желілерінің бала ойнайтын жерден өтпеуін қадағалау қажет

Leave a Reply